Түркістан облысынан келе жатқан цирк аңдары тиелген жүк көлігінің тіркемесі Жуалы ауданының Күйік асуында аударылыпты. Төңкерілген техникада ұрғашы кәрі арыстан мен еркек жолбарыс болған. Бұл жануарларды құтқару оңайға соқпады. Тіркемені қайта тұрғызып, есігін ашуға мүмкіндік болмаған соң, темір қоршауды кесу біраз уақыт алды. Оның үстіне мазасызданып, мінез көрсете бастаған жыртқыштарды көліктен көлікке секірту қиындық туғызды. Бірақ көпке дейін аң патшасына жақындауға жүректері дауламаған мамандар ақыры ебін тауып, бұларды арнайы темір торға ауыстырды. Хайуандарға еш зақым келмеген.

Источник: ktk.kz