Әлеуметтік желіде тарап кеткен мына бейнежазба Атырау облыстық әкімдігі ғимаратының алдында түсірілген. Ролик авторының айтуынша, бұл әкімдікке тиесілі көліктер. Бірақ, мемлекеттік нөмірлерінің анық көрінбеуінен дөп басып айту қиын. Дегенмен, әкімдік алдында кез-келген көлік иесінің білгенін істей алмайтынын ескерсек, әрі маркасы мен түсі бірдей машиналардың облыстық әкімдікке тиесілі болуы әбден мүмкін. Әйтсе де, бұны әкімдіктегілердің өздері анықтайтын болады.

Серікжан Ерментаев, Атырау облыстық әкімдігінің ресми өкілі:

-Қазіргі кезде қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Егер көліктердің мемлекеттік органдарға тиесілі екендігі анықталса, міндетті түрде тиісті шаралар қолға алынатын болады.

Источник: ktk.kz