Ақтөбеде Сәнімжан Шұғайпова есімді қоғам белсендісі Актобе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа жазған хатында "Ақтөбе облысында секс құлдықтың дәурені жүріп тұрғаны" жайлы ашық айтқан. Бұл туралы Ақтобе Таймсқа сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: 1News.md

Фото: 1News.md

Шұғайыпова өз хатында әкімнен көмек сұрап, бұл «бизнестің» тамырын басуға атсалысуын, адам саудасы полицейлердің көз алдында жүріп жатқанын, жеңгетайлардың тайрандап жүргенін, осының салдарынан талай қыздың қыршыннан қиылғандығын жазған.

Ол бірнеше рет құзырлы органдарға арыз жазғанымен ешқандай өзгеріс болмағанын да тілге тиек етіпті.

Сондай-ақ, адам саудасымен айналысып жүргендердің аты-жөнін білетінін, тіпті олардың мекенжайы туралы ақпарат қолында бар екенін жеткізген.

Шұғайпова бұл індеттің алдын алмасақ, өскелең ұрпаққа зиянымыз тиіп кететінін, ол үшін тек полицейлер ғана емес, жұмыла күресу керектігін түсіндіреді.

«Қазір ақсақалдарымыздың кейбірінде өзінің сүйікті жезөкшелері бар. Олар зейнатақы алған күні жезөкшелерге кезекке тұрады», - деп күйініп жазған қоғам белсендісі.

Хатты қорытындылай келе Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтан көмек сұрайды.

Источник: nur.kz