Америка құрама штаттарының спорттық гимнастика федерациясы банкротқа ұшырау туралы арыз жазды деп хабарлайды Euronews-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

фото: sovsport.ru

фото: sovsport.ru

Федерация жүзге жуық арызданушылардың қаржысын қайтара алмағандықтан осындай шешімге келген.

Спорт саласындағы ең ірі шулы оқиға Америка құрама штаттарының спорттық гимнастикадан қыздар құрамасының бұрынғы дәрігері Ларри Нассармен тікелей байланысты.

Осы жылдың ақпан айында әртүрлі сексуалды зорлық-зомбылық пен араңдатушылықты мойындаған бұрынғы дәрігер 300 жылға сотталған.

Оның үстінен 350-ге жуық әйел шағымданған. Олардың ішінде Олимпиада чемпиондары Симона Байлс, Александра Райсман, Габриэлла Дуглас және Маккайл Мароуни бар.

Еске сала кетсек, осы оқиғадан соң Америка Құрама Штаттарының спорттық гимнастика федерациясының қызметкерлері, Нассармен бірге қызмет еткен Мичиган штаты университетінің мамандары өз еркімен жұмыстан шығып кеткен.

Нассардың үстінен түскен арыздар бойынша төлемді беру Федерацияның осындай шешімінен соң қиындай түспек, себебі заң бойынша банкрот туралы өтінішті қарастырғанда сот ісі уақытша тоқтайды.

Источник: nur.kz