Ресейдің Ростов-на Дону өңірінде аудандық соты марқұм азаматтың эмбриондарын мұраның бір бөлігі ретінде қабылдаудан бас тартып, оның жесіріне бала көтеруге рұқсат бермеген деп хабарлайды nation-news.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ru.korupciya.com

Фото: ru.korupciya.com

Жасанды ұрықтандырылған аналық жасушалар келіншек ЭКО рәсімін өткізген Санкт-Петербург клиникасындасот шешімімен жойылған.

Ал әйел соттан жұбайының эмбриондарын мұраның бір бөлігі ретінде қабылдауды, тағы бір ЭКО рәсімін өткізуге рұқсат беруді сұрапты.

Жалпы ерлі-зайыптылар алғашқы мүмкіндіктерін 2017 жылдың қазан айында пайдаланған екен. Алайда ол уақытта келіншек өзінен 30 жас үлкен жұбайынан бала көтере алмапты.

Артынша азамат көз жұмғанымен, оның мұздатылған эмбриондары клиникада қалған. Ал ақ халаттылар ол ұрықтардың көзін жоюды жөн деп шешіпті.

Сот үкімі де дәрігерлердің шешімін дұрыс деп тапқан.

Источник: nur.kz