Танымал британиялық тележүргізуші Кэрол Вордерман "Би-би-си" телеарнасының басшылығы өзіне қатысты танытқан ерсі әрекетті жайып салды. Анықталғадай, мансабын енді бастағалы жатқан шағында аталмыш арна басшысы оны кеудесінің кішкентай болуынан жұмысқа алмай қойған. Бұл туралы lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

Фото: Vianney Le Caer / Invision / AP

Фото: Vianney Le Caer / Invision / AP

57 жастағы Кэро Вордерманның айтуынша, жас кезінде ол лауазымды тұлғалардың қысымына жиі тап болған. 20 жасында "Би-би-си" телеарнасының басшысына іскерлік кездесу белгілеген ару ыңғайсыз жағдайда қалғанын әлі күнге дейін ұмытпайды.

"Ол кісі өзі бір сағатқа кешігіп қалғаны былай тұрсын, келіп аяғын үстелдің үстіне қойып маған естен кетпес сөз айтты. Телеарна басшысы маған "кеудең кішкентай, сол себепті сенің мүлде мүмкіндігің жоқ" деп айтты" , - деп есіне алды Кэрол.

Тележүргізушінің сөзінше, ол кезде өзінің танымал британиялық арнада төрт жылдық тәжірибесі болған. Алайда, "Би-би-си" басшысын тәжірибеден гөрі төсінің мөлшері қызықтырған көрінеді.

Кэрол Вордерман ақыры арман еткен арнасында жұмыс істемесе де, Channel 4-тің "Сountdown" атты бағдарламасын 26 жыл бойы жүргізген.

Бүгінде ол түрлі марапаттаулар мен концерттерді жүргізіп жүр. Тележүргізушінің айтуынша, жас кезінде орын алған оқиға оны тек қана жақсы жаққа қарай өзгерткен. Оның бойында өзіне деген сенімділік арта түскен.

Источник: nur.kz