9 маусым күні көпқабатты үйлердің бірінде жиналған әйелдер арасында туындаған жанжал төбелеске ұласқан. Оның нәтижесінде келіншектің бірі пышақ жарақатын алды деп жазады sn.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: sn.kz

Фото: sn.kz

Қостанайда демалмақшы болған бес құрбы үй алдында шарап ішкен. Олардың ішіндегі айыпталушы да алты айлық жүктілігіне қарамастан спирттік ішімдіктен бас тартпаған.

Біраз масайып қалған соң, әйелдер өзара сөзге келіп жанжалдаса бастаған. Соңында жәбірленуші кеуде қуысы мен ішінен, аяғынан пышақ жарақатын алады.

Зардап шеккен келіншектің айтуынша, оның есінде ештеңе қалмаған. Анықталғандай, жүкті әйел оның бетінен бірнеше рет шапалақпен ұрып, содан кейін пышақ ала жүгірді.

Үш жылдан бері таныс болған айыпталушы мен жүкті әйелдің араларында бұған дейін ешқандай келіспеушілік болмаған.

Источник: nur.kz