Қазақстан президентінің жиені Венера Назарбаева тұрмысқа шығып, қазақстандық БАҚ-тың басты кейіпкеріне айналды. Sputnik Қазақстан жас қалыңдықтың өмірбаянынан бірнеше дерек ұсынады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Zakon.kz

Фото: Zakon.kz

Басылымның мәліметінше,Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Венера Назарбаева 2000 жылы 5 мамырда дүниеге келген. 2003 жылы "Огонек" журналына берген сұхбатында Дариға Назарбаева Венераның Вена қаласында дүниеге әкелгенін айтқан екен.

"Жұма күні босандым, итальян тілінде жұма "венерди" деп айтылады. Оған қоса, сол күні 2000 жылы 5 мамырда ғаламшарлар шеруі болды. Қызымның жұлдызы Торпақты Венера планетасы жебейді. Сол себепті осы ат ең лайықты деп таңдап қойдым", — дейді Дариға Назарбаева.

Дариға Назарбаеваның айтуынша, "қазақстандық дәрігерлердің шектен тыс ықыласы, керісінше, зиянын тигізеді ме" деп қорқып, Еуропаға кетіп қалған екен.

18 жастағы Венера өзін шығармашылық қырынан таныта білген: "Алма-Ата, алғашқы махаббатым менің" атты ретро-фестивальде, концерттерде ән шырқап, "Байқоңыр"фильмінде шопанның қызы болып эпизодтық рөлді сомдаған.

"Екі лақты көтеріп жүру қиын болды, екеуінің салмағы төрт килограммнан, қатты шаршағаным сонша – үйге келген бойда ұйықтап қалдым", — деген еді Венера 2011 жылы кинодағы алғашқы рөлі жайлы.

Өткен сенбіде Венера Шайжүнісовтер әулетінен шыққан 22 жастағы заңгер Даленге тұрмысқа шықты. Некелесу салтанаты Алматыда өтті

Источник: nur.kz