Во вторник, 18 июля, на Первом канале Евразия стартует новое реалити-шоу.

Тема передачи – всегда актуальная и волнующая зрителя – независимо от пола и возраста, уровня дохода, рода занятий. Ведь во все времена люди ищут друг друга, стремятся обрести свою половину. Реалити-шоу «Қалаулым», посвященное этой вечной теме, тем не менее, совершенно не похоже на другие подобные программы. Что очень важно, шоу «Калаулым» выходит на государственном языке.


Что же ожидает зрителей Первого канала Евразия? Для тех, кто надеется найти свою настоящую любовь, проект «Қалаулым» – это реальный шанс обрести вторую половину и семейное счастье. Возможно, кто-то обретет популярность, о которой не мог и мечтать.



Для тех же, кому просто интересно наблюдать за процессом, это будет увлекательное шоу, с массой неожиданных поворотов, волнующих переживаний и всевозможных сюрпризов. Если коротко, то здесь встречаются люди, ищущие свою любовь и обязательно – это подчеркивают создатели проекта – стремятся именно к созданию семьи. Те, кто ищет кратковременных, ни к чему не обязывающих связей, выбывают еще на отборочном этапе. Потому что одна из главных целей проекта – поддержание семейных ценностей. Участником шоу может стать любой, но как сложится его судьба, не знает никто. Развитие историй двух людей, перерастающей в трогательную дружбу или настоящую любовь, - весь путь, который проходят двое людей с момента знакомства и до создания семьи, зритель сможет увидеть на экране. Однако, опять же подчеркивают создатели проекта, ничего лишнего, выходящего за рамки морали и традиционных ценностей вы здесь не увидите. Однако и без «клубнички» зрителю будет, о чем переживать. На площадке «Қалаулым» будет все: улыбки, слезы горя и радости, откровенные, порой шокирующие признания – то, что волнует, радует, возмущает или вдохновляет.Словом, трогает до глубины души самого искушенного зрителя. Ведь главный сценарист шоу – сама жизнь. Именно в этом изюминка и сложность проекта – реалити-шоу полно непредсказуемых поворотов, а его создатели, опираясь на большой опыт и знания, могут всего лишь приспосабливаться и оперативно реагировать на происходящее. Тем интереснее наблюдать за событиями, которые развернутся на площадке.


Ведущей шоу стала очаровательная Аша Матай, которая сразу завоевала большое уважение всей команды. По словам создателей проекта, именно ее кандидатура – удачный выбор. Аша умеет работать с аудиторией, разделять с героями программы важные моменты их жизни. Сама она призналась, что многому научилась в ходе съемок и верит в то, что проект станет очень популярным.


Все самое интересное можно будет увидеть по будням с 18 июля в 12:00 на Первом канале Евразия.


Еуразия бірінші арнасында 18 шілде сейсенбі күні жаңа реалити-шоу басталады

Бағдарламаның тақырыбы – көрерменнің жасы мен жынысына, табыс деңгейіне, айналысатын кәсібіне қарамастан, барлығы үшін маңызды, көкейкесті мәселе. Қандай заман тумасын, адамдар өздерінің жанына жақын серіктерін іздеп-тапқысы келеді. Тіршіліктің мәңгілік тақырыбына арналған «Қалаулым» реалити-шоуы жай таныстық бағдарламаларына мүлдем ұқсамайды.

Сонымен, Еуразия бірінші арнасының көрермендерін не күтіп тұр?

Ең алдымен, өз махаббатын жолықтырудан үмітті жандар үшін «Қалаулым» жобасы – бұл өмірлік серігін жолықтырып, отбасылық бақытқа қол жеткізудің бір мүмкіндігі. Бәлкім, әлдекім өзі армандаған танымалдылыққа қол жеткізер.


Ал қалың көрермен үшін бұл болжап болмайтын түрлі бетбұрыстарға, жүректі тебірентер жайттар мен түрлі тосынсыйларға толы, қызықты шоу болмақ. Қысқаша айтқанда, мұнда өз махаббатын іздейтін, және жоба түсірушілері қадап тұрып айтқандай – отбасын құруға талпынатын адамдар кездеседі. Ұзаққа созылмайтын, ешбір міндеттеме жүктемейтін қарым-қатынасты іздеушілер іріктеу кезеңінде-ақ шығып кетеді. Себебі жобаның басты мақсаттарының бірі – отбасылық құндылықтарды дәріптеу. Шоуға кез келген адам қатыса алады, алайда тағдырына жазылғаны болады. Екі жас танысқан сәттен бастап, отбасын құрғанға дейінгі сезімге толы кезеңге көрермен куә болады. Жобаның түсірушілері атап көрсеткендей, бағдарламада салт-дәстүрімізге жат, ұлттық құндылықтарымыздан алыс ешбір көріністер болмайды. «Қалаулымның» алаңында әрбір қатысушының күндей күлкісі де, жүректі тебірентерлік сезімдері де, қуаныштың немесе күйініштің көз жасы да, риясыз жүрекжарды сөздер де – барлығы болады. Бір сөзбен айтқанда, әрбір көрерменнің жүрегіне жол табарлықтай шынайы жоба болмақ. Себебі шоудың басты сценарисі – өмірдің өзі. Жобаның қызықтығы мен қиындығы да осында – реалити-шоу болжап болмайтын жайттарға толы болады. Ал жобаның түсірушілері тәжірибелері мен білімдеріне сүйене отырып, орын алып жатқан жайттарға жылдам икемделе алады. Алаңда орын алатын жағдаяттарды бақылау сонысымен де қызықты болмақ.


Шоуды бүкіл команданың құрметіне ие болған, телевизияда тәжірибесі мол Аша Матай жүргізеді. Жобаны түсірушілердің айтуынша, жүргізуші ретінде Ашаны таңдау – ең дұрыс шешім. Аша аудиториямен жұмыс жасай біледі, бағдарлама кейіпкерлерімен өмірлерінің маңызды сәттерін бөлісе алады. Ашаның өзі айтқандай, түсірілім барысында көп нәрсені үйреніпті және жобаның өте танымал болатынына сенім білдіреді.

Қызықтың барлығын 18 шілдеден бастап, жұмыс күндері сағат 12:00-де Еуразия бірінші арнасынан тамашалай аласыздар.

Источник: zakon.kz